Ailat Finance

Ailat-тың қаржылық бағыты – исламдық қаржыландыру өнімдері арқылы миссиямызды іске асыруға арналған.

Қызмет туралы

White Label шешімдер

Біз серіктестерге шариғатқа сай қаржылық өнімдерді іске асыру үшін дайын құралдар мен инфрақұрылым ұсынамыз. Әрбір өнім исламдық этикалық құндылықтарға және серіктес аудиториясының нақты қажеттіліктеріне сай әзірленеді. Бұл ұтымды ("win-win") модель қалыптастырады:

Серіктестер өз ұсыныстарын халал қаржылық шешімдермен толықтырады.

Ailat Finance өнімдерді дамыту және басқару жұмыстарын жүзеге асырады.

Клиенттермен жұмыс философиясы

Құндылықтарға бағытталу

Біз тек тұрғын үй, көлік, құрал-жабдық сияқты клиенттерге нақты пайда әкелетін активтерді қаржыландырамыз.

Әлеуметтік жауапкершілік

Біздің өнімдер клиенттер мен олардың отбасыларының әл-ауқатын арттыруға және тұрақты әлеуметтік дамуға бағытталған.

Артық тұтынудан бас тарту

Біз нақты құндылық әкелмейтін тауарлар мен қызметтерді, мысалы, қажетсіз технологиялық жаңартуларды қаржыландырмаймыз.

Біздің жобаларымыз

Ailat Finance және Partners Pay

Partners Pay компаниясымен серіктестік – біздің философиямыздың нақты көрінісі:

Платформа арқылы жұмыс істейтін курьерлер мен жүргізушілердің табыс көзі көбіне шектеулі.

Біз оларға қолжетімді қаржылық өнімдер арқылы қажетті құралдармен (самокаттар, шлемдер, автокөліктер) қамтамасыз етеміз

Бұл олардың табысын тұрақтандыруға және отбасыларын қолдауға көмектеседі

Өтінім жіберу (жақында)

Кеңесшілер

Қаржылық өнімдер Қазақстандағы үздік сарапшылармен бірлесіп әзірленеді

Адильбек Рысқұлов

Исламдық банкинг және қаржы саласында 14 жылдан астам, ал тәуекелдерді басқаруда 10 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы. Қазіргі уақытта банктерді, қаржы ұйымдарын және финтех жобаларды қоса алғанда, әртүрлі исламдық қаржы институттары мен жобаларда шариғат кеңесшісі және исламдық қаржы сарапшысы болып қызмет етеді.

Максатбек Қайырғалиев

Зекет және қайырымдылық қорының директоры, сондай-ақ ислам шариғаты бойынша консалтингтік компанияның жетекшісі. Шариғат ғылымдары және араб тілі мамандықтары бойынша бакалавр және магистр дәрежелеріне ие. Пәкістан, Карачи қаласындағы Дарул Улюм оқу орнында Takhassus fil-Ifta (фәтуа ғылымдары) бойынша маманданды. Қазір Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дінтану мамандығы бойынша магистратура және PhD оқып жатыр.