Ailat App
Исламдық қаржы әлеміндегі сіздің көмекшіңіз
Ailat AI
Этикалық қаржыға арналған инновациялық қосымша
Жасанды интеллект пен исламдық құндылықтарды біріктіретін цифрлық платформа. Бұл шешімдерге қолжетімділікті, ашықтықты және сенімділікті қамтамасыз ете отырып, этикалық қаржылық өнімдер мен қызметтерге оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді және тәуекелдерді азайтады.
Өнімдер мен функциялар
Ailat App өнімдерімен танысыңыз
Сертификаттар мен пәтуалар
Шариғатқа сәйкестік сертификаттары
Әдістеме
Біздің мұқият талдау процесіміз AAOIFI әдістемесіне негізделген. Деректерді шығару мен талдауды жасанды интеллект жүзеге асырады және біздің жоғары білікті сарапшыларымыз қайта тексереді.
Сертификат
MБіздің Шариғат кеңесінің мүшелері шариғат стандарттарының толық сақталуын қамтамасыз ету үшін біздің қызметімізді, жүйелерімізді және технологияларымызды үнемі қадағалап отырады.
Зекет калькуляторы
Біздің зекет калькуляторымыз AAOIFI әдістемесіне негізделген және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мақұлдаға
Команда
Шемен Сәуле
Жобаларды басқару, бизнесті дамыту және қаржылық талдау саласында 13 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман. Agile және Kanban әдістемелерінде, қаржылық деректерді талдауда және бизнес-процестерді әзірлеуде тәжірибесі мол. ISO 9001:2015 ішкі аудиторы сертификатына ие.
Бауыржан Утепбергенов
AТәуекелдерді басқару және исламдық қаржы саласындағы сарапшы, Халықаралық бизнес университетінің MBA түлегі. Компаниялардың шариғатқа сәйкестігін талдауға арналған қаржылық модель әзірлеген. Қазіргі таңда АХҚО-да комплаенс маманы ретінде жұмыс істейді.
Максат Ерімбетов
Қаржы және ислам құқығы саласының маманы, Қазақ-Британ техникалық университеті мен Әл-Азхар университетінің түлегі. Қаржы министрлігінде және мұнай секторында жұмыс тәжірибесі бар. Қазіргі таңда ислам юриспруденциясы бойынша магистратурада оқып жатыр.
Айдын Күникeев
Жасанды интеллект және деректер ғылымы саласының сарапшысы. Қазіргі таңда Машинамен оқыту және деректер ғылымы бойынша PhD дәрежесін алуда. Генетикалық талдауға арналған AI модельдерін жасап, медициналық зерттеулерде жұмыс істеген. AI скрининг жүйелеріне маманданған.
Али Махмуд
Исламдық қаржы саласындағы финтех және өнім менеджменті бойынша сарапшы. Қазақстандағы алғашқы шариғатқа сай автонесиелеу өнімін іске қосып, оны Түркия нарығына сәтті енгізген.
Aruna Abeugalieva
Astana IT University-де IT-кәсіпкерлік және бизнес басқару саласында білім алған жас маман. Қазақстанның Даму банкінде жұмыс тәжірибесі бар.